29.10.2019, 18:22
Оқылды: 142

БҚО-дағы театрлар тоғыз айда 344 спектакль қойған

Биылғы тоғыз айда Х.Бөкеева атындағы  облыстық қазақ драма театры мен А.Островский атындағы драма театры 344 спектакль қойды. Қойылымдарға барлығы 61 022 көрермен қатысқан. Бұл жайлы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев брифингте айтты.

 teatr 1

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ұжымы Қырғызстан Республикасының Ош қаласында өткен VII халықаралық «ART-ORDO – 2019» театр фестиваліне «Арманым-Әселім» спектаклін қойып, «Алтын Жетіген» сыйлығына ие болды.  Театр ұжымы ТURKSOY халықаралық мәдениет орталығының арнайы жүлдесіне иеленіп,  театр актрисасы Наргиз Шадыева «Үздік әйел образы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында өткен Жанат Хаджиев атындағы ІІІ Халықаралық театрлар фестивалінде Х.Мюллердің «Филоктет-Медея» спектаклімен Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ұжымы «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациясын иеленді.

-ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында А.Н.Островский атындағы облыстық драма театрында белгілі өлкетанушы, тарихшы Жайсаң Ақбайдың «Жәңгір хан» тарихи драмасының бойынша сахналанатын спектакльдің тұсаукесері жоспарлануда, - деді басқарма басшысы.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале