16.10.2019, 10:29
Оқылды: 547

БҚО-дағы ядролық сынаққа қарсы қозғалыстың жетекшісі болған Кәкен Көбейсінов өмірден өтті

Кәкен Көбейсінов 1931 жылы 7 қыркүйекте Бөкей ордасы ауданы, Мешітқұм ауылында дүниеге келген.

Кәкен Көбейсінов – еңбек ардагері, КСРО-на еңбек сіңірген халықтық бақылау қызметкері, Бөкей ордасы, Жәнібек және Жаңақала аудандарының «Құрметті азаматы», Халықаралық экология академиясының тілшілер одағының мүшесі.

Izobrazheni91-017-1

Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1961-1963 жылдары Орда ауыл шаруашылық механикаландыру училищесінде оқытушы, Орда, Жәнібек, Фурманов аудаңдарының шаруашылық-кеңес қызметі саласында жұмыс атқарды. 1961-1991 жылдары облыстық халықтық бақылау    комитеті төрағасының орынбасары болды.

1992 жылы 20 сәуірде облыс әкімшілігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысындағы ядролық-ракеталық сынаққа қарсы «Нарын» қоғамдық бірлестігін құрды.

Кәкен Көбейсінов 1997-2014 жылдар аралығында 17 жыл бойы облыстық мәслихаттың төрт бірдей шақырылымының депутаты болды. «Невада – Семей» үйлестіру Кеңесінің мүшесі.

Ол 1998 жылдың 30 қарашасында  ҚР Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, мәселе қоюының нәтижесінде 2004 жылы 20 желтоқсанда «Әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын сауықтыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы» қабылданып, соған сәйкес полигондармен шектесетін аймақтарда (Ақжайықтың Тайпақ бөлігі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе аудандары) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала жастан кемтарларға атаулы көмек төленді.

2005-2007 жылдары облыстық бюджеттен осы мақсатқа 128,7 млн. теңге бөлінді. 2007 жылы 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама қабылданып, соған орай барлығы 260 млн. теңге қаралды.

Кәкен Көбейсіновтің қолдауымен 2009 жылдың 26 қарашасында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы ашылды.

Кәкен Көбейсінов 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, 1 және 3 Азаматтық форумының делегаты, 2005 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңашылы» дипломымен және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бірнеше Алғыс хаттарымен марапатталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале