14.08.2018, 18:14
Оқылды: 84

БҚО-дағы жас спортшыларға арналған мектеп-интернат құрылысы жоспардан ерте тапсырылмақ

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Деркөл кентінде салынып жатқан спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты құрылысында болды.

Аталған спорт кешенінің құрылысын Сергей Потиченко жетекшілік ететін «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Мектеп 250 спортшыға есептелген болса, жанында 150 балаға арналған жатақхана салынбақ. Кешенде жалпы дайындық залы, күрес залы мен волейбол, баскетбол, гандбол ойындарына арналған үш зал болады. Спорт мектебінде 7-11 сынып аралығындағы дарынды балалар қабылданады деп күтілуде. Әр сыныпта 24 жас спортшы білім алмақ.

Мердігер компания басшысы С.Потиченко құрылыс жоспарға сай уақыты жүргізіліп, қаржының игеріліп жатқанын айтып, мерзімінен бұрын аяқталуы ықтималдығын айтты.

Жалпы, өңір тұрғындарын бұқаралық спортқа жұмылдыру мақсатында соңғы жылдары спорт нысандары мен алаңдар көптеп салынуда. Өткен жылдың өзінде шаһарда жергілікті бюджеттен бөлінген 353,4 миллион теңге қаражатқа 10 көпбейінді спорт алаңы мен балалар ойын алаңдарының құрылысы басталды. Сонымен қатар «Самұрық Қазына Траст» АҚ арқылы жеті, «Street Workout» федерациясының қолдауымен үш спорт алаңы салынуда. Бұл нысандар пайдаланылуға берілген жағдайда 12 мыңнан астам тұрғынның спортпен айналысуына жағдай жасалады.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале