27.10.2017, 13:38
Оқылды: 47

БҚО-дағы жеке тұлғалардың несиелік берешегі – 119 миллиард теңге

spisanie-zadoljennostiБұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Ұлттық банкінің БҚО бойынша филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейлі банктердің 14, 20 сақтандыру компаниясының 22 филиалы, 9 микроқаржылық ұйым және қолма-қол шетел валюталарын айырбастау операцияларын ұйымдастыратын 119 пункт қызмет етеді.
Облыста 1 қазанға дейінгі жағдай бойынша банктер филиалдарында салымдар бойынша қалдықтар 199,2 млрд. теңгеге дейін жетті. Облыстағы депозиттердің жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 87,3 пайызды құраған. Ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 56,1% немесе 111,7 млрд. теңге, шетел валютасында 43,9% немесе 87,5 млрд. теңге құрады.
Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында банктердің филиалдары 157,8 млрд. теңге сомасында несиелер берген. Бұл – былтырғы кезеңмен салыстырғанда 56%-ға көп. Ұлттық валютамен берілген несие 58,7%-ға, яғни 156,5 млрд. теңгеге өссе, шетел валютасында 61,3%-ға, яғни 0,9 млрд, теңгеге дейін азайған. Жеке тұлғаларға 72,9 млрд. теңге сомасында несие берілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 64,7%-ға артық. Шағын кәсіпкерлік нысандарына 23 млрд. теңге азаматтарға үй салуға және сатып алуға 10,3 млрд. теңге несие берілді. Несиелер бойынша берешектің жалпы сомасы 211 млрд. теңге құрады. Жеке тұлғалардың берешегі 119 млрд. теңгеге немесе 16%-ға, заңды тұлғалардікі 92 млрд. теңгеге немесе 4,1%-ға көбейді. Кәсіпкерлік субъектілерінің берешегі 52,8 млрд. теңгеге жетіп, яғни 16,2%-ға ұлғайған.

– Екінші деңгейлі банк қызметтері мәселелерін қарауға біздің филиалға 159 өтініш келіп түсті. 78 өтініш бойынша құжаттамалық тексеру жүргізілді. Оның көбі – несие беру қызметіне байланысты. Ондай шағымдардың 95%-ы нақты дәлелденбеді. Екінші деңгейлік банктің біреуіне тұтынушы өтінішін уақтылы елемегені үшін жазбаша ұйғарым түрінде 1 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, – деді Қозыбақ Құлбарақов.
ҚР Ұлттық банкінің БҚО бойынша валюталық заңнаманың сақталуына байланысты 23 іс материалын қараған. Оның ішінде 6 іс бойынша әкімшілік айыппұл салынып, 4 іске қатысты ескерту жасалған.

Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале