1.08.2017, 15:27
Оқылды: 32

БҚО-дан «ЭКСПО- 2017» көрмесіне 30 мыңнан астам адам барған

Бұл жайында БҚО əкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинг барысында  мəлім етті. Облыстың мəдениет күндері аясында Елордада өтетін іс-шараларды баяндаған Арман Өтеғұлов өңірге қатысты инвестициялық жобалар жөнінде де айтты.


2017 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша аймақтық өндірістің жалпы өнімі көлемі 468,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 2%-ға жоғары.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 39,6 млрд. теңгеге жетті.

Ақжайық ауданында орналасқан «Батыс Марқа Ламб» серіктестігі Ирандағы ет өнімі бойынша ең ірі «Санайе» компаниясымен келісімшарт жасады. Соның негізінде алдағы бір жыл ішінде 1500 тонна қозы еті экспортталуы керек. Жергілікті компания етті аптасына 3 рет жөнелтуге дайын.  Өнімінің басым бөлігін халықаралық нарыққа өткізуі тиіс «Батыс Марқа Ламб» бүгінде етті тұрақты түрде Ресейге жеткізуде. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімдік келісімшарттар жүргізілді. Мамандардың айтуынша, күздің алғашқы айларында компания аталған елге ет экспорттауды бастап кетуі ықтимал. Аумағы 5 гектар, толығымен автоматтандырылған өндірістік кешен өнімі сапасының жоғарылығына, етті өңдеп, сақтаудағы артықшылықтарына шетелдіктер қызығушылық танытуда.

Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 2 339,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,8%-ға көбейді.

-  "Дженерал  Финланд" компаниясы мен оралдық «Стеклосервис» ЖШС бірлесіп фин технологиясымен құрылыс материалдарын шығаруды жоспарлауда. Қазіргі уақытта қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тəртіпті күшейту мақсатында "Ақылды қала" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба бойынша жекеменшік-мемлекеттік серіктестік аясында "Сергек" компаниясы қала көшелері мен көп қабатты үй аулаларына, əлеуметтік нысандарға 200 жəне қалалық бюджет есебінен 100 видеокамера орнатуда. Финляндия, Ресей, Франция, Австрия ивесторлары жəне отандық компаниялар бірлесіп құрылыс саласында 3D-жобалау қолға алынған, - деді Арман Өтеғұлов. Ол облыстағы Теректі ауданында индустриалдық аймақ жасақтау үшін 281 га жер телімі берілгенін айтты. «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС жасаған аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтті.

Атап өтерлігі, 31 шілде мен 4 тамыз аралығында Астанада өтетін облыстың мəдениет күндері аясында іс-шараларға шығармашылық ұжым құрамында болатын 600-ге тарта адам қатысады.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале