2.07.2019, 16:11
Оқылды: 109

БҚО-дан медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 5,6 млрд. теңгені құрады

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

medstrahovania

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың  маусым айының соңына дейінгі аралықта Батыс Қазақстан облысынан жинақталған жарнаның жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгені құрады.

Айта кетейік, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың маусым айының соңына дейінгі аралықта республика бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 178,7 млрд. теңгені құрады.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім жасалған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале