12.07.2018, 10:03
Оқылды: 67

БҚО делегациясы Ұлыбританияда болды

Ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін БҚО делегациясы Ұлыбританияда болды. Делегация Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен, батыстық үш ірі «Кублей», «Жайық Ет» және «Батыс Пауэр» кәсіпорындарының басшыларымен Ұлыбританияға барды, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.


Облыс делегациясы биылғы Астана экономикалық форумы барысында қол қойылған Меморандумды жүзеге асырудың тиімді механизмін әзірлеу үшін «Dunbia» компаниясымен келіссөз жүргізді.
Өңір делегациясы сондай-ақ компанияның өндірістік нысандарын - сою, орау, өңдеу цехтарын аралады. «Dunbia» компаниясының бас кеңсесінде ет өңдеудің толық циклі бойынша жобаның іске асырылу барысы талқыланды.
-ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, аграрлық сектор экономиканың жаңа қозғаушы күші болуы керек. Біздің өңір ауыл шаруашылығында, әсіресе мал шаруашылығында үлкен әлеуетке ие. Сондықтан біз сіздермен бірге аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында жемісті ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Бізді қалдықсыз өндіріс технологиясы және ет өнімдерін терең өңдеуді қолдану аясындағы тәжірибеңіз қызықтырып отыр, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
«Dunbia» компаниясы бірге жұмыстануға, маркетинг саласында өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, компания сыртқы нарыққа қазақстандық ет өнімін ілгерілетуге мүдделі.

english (2)«Жайық Ет» қазақстандық компаниясының директоры Т.Ескендіров атап өткендей, «Dunbia» сияқты жаһандық компаниялардың қазақстандық жобаларды іске асыруы мен инвестициялауы - қазақстандық кәсіпорындардың деңгейін көтеріп, басқа шетелдік инвесторлар үшін үлгі бола алады.
Қос тарап өкілдері ауыл шаруашылығын цифрландыруды дамыту мақсатында өткен жұмыс сапарын өте жемісті болғанын атап өтті.
Батыс Қазақстан делегациясы «Farm Wizard» компаниясының өндірушіден тұтыну компанияларға өнімнің жеткізілуін қадағалау жүйесімен танысты. Бұл бағдарлама тұтынушыға жануардың (қай үйірден, қай шаруашылықтан екендігін) туғаннан бастап, етінің тұтынушыға жеткенге дейінгі бүкіл өмір сүру кезеңін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс ауыл шаруашылығын цифрландыру үшін қойылған міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Айта кетсек, «Dunbia» қызыл ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бірі, оның ішінде бөлшек және көтерме саудада сиыр, қой мен шошқа етін өндіру, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде тамақ өндірісімен айналысады. Аталған компанияға Ұлыбритания мен Ирландия елдерінен 25 кәсіпорын кіреді, онда 1 миллионнан астам ірі қара мал және 3 миллионнан астам қой бар. Өндірісте 30 мыңнан астам фермер және 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Компанияның әлемнің әртүрлі елдерінде 50-ден астам өкілдіктері бар. Кәсіпорын тұрақты экономикалық өсімді көрсете отырып, айналым қаражаты 2 млрд. евроны құрап отыр. «Dunbia» еуропалық нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізуші болып табылады, оның ішінде «McDonalds», «Tesko», «Spar», «M&S» сияқты ірі сауда желілерімен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, компания агроөнеркәсіптік кешенде мамандар дайындайтын еуропалық университеттермен жұмыс істейді, сондай-ақ компания үшін гранттар тағайындаумен айналысады. «Dunbia» компаниясы өз өнімдерін жақсарту мақсатында ғылыми зерттеулерді белсенді түрде инвестициялайды.

zhaikpress.kz

english (1)

english (5)

english (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале