28.05.2018, 10:45
Оқылды: 60

БҚО делегациясы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанда болды

Akim BKO (3)Аймақаралық кооперация аясында облыс әкімі Алтай Көлгінов бастаған БҚО делегациясы Шығыс Қазақстан әкімімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Жұмыс сапары барысында қонақтар облыстың бірқатар ірі кәсіпорындарын аралады. Атап айтқанда, түрлі санаттағы арматура шығаратын 3 зауытта болды. Өскемен арматура зауытының роботталған дәнекерлеуші кешенімен танысты. Akim BKO (2)Айта кетсек, ШҚО тауарөндірушілерінің тек қазақстандық нарықта ғана емес, сондай-ақ экспортта да әлеуеті зор. Мәселен, облыс орталығындағы өнеркәсіптік арматура зауытының мұнай-кәсіптік жабдықтары мен құбыр жүргізу арматуралары Ресей мен Өзбекстанда да сұранысқа ие. Олар «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг» компаниясымен белсенді түрде ынтымақтаса еңбек етуде. Ал аймақтық «Силумин-Шығыс» серіктестігі 5 жыл бойы ҚПО-мен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатып жұмыс істеуде.

Akim BKO (6)– «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг» қазақстандық тауар, қызмет тасымалдаушыларын дамытуға белсенді түрде үлесін қосуда. Осы мақсатта отандық және шетелдік тауарөндірушілердің серіктестігіне ықпал етер бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Өзара интеграция, яғни, әрекет ету мүмкіндігін туғызудамыз. Шығыс Қазақстан облысының компанияларымен жоғары деңгейде жұмыс істеу тәжірибеміз бар. ҚПО тасымалдаушылары мен мердігерлері арасында осы өңір компаниялары қатарының артқанын қалаймыз, - деді компанияның бас директоры Эдвин Блом.

Қарашығанақ жобасындағы қазақстандық мазмұн үлесі бүгінде 6,5 миллиард долларды, яғни, 54,7 пайыздықұрайды. Бұл ретте Елбасы қойған міндетке сай, өңір кәсіпорындары Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қызу қарқынмен қайта жаңғырып, барынша бәсекеге қабілеттілігінарттыруда.

Akim BKO (4)- Жалпы, «Өскемен арматура зауыты» соңғы жылдары 100 миллион доллар көлемінде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді. «Силумин-Шығыс» ЖШС 60 миллионнан астам доллар жұмсаса, Өнеркәсіптік арматура зауытындабұл сома екі есе артық. Осылайша біздегі әрбір кәсіпорын «техникалық толысу» тұрғысында өсу үстінде және бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Іссапар аясында әкімдікте өткен жиында аймақтағы өнеркәсіптік компаниялардың Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын игеру ісіне қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Бұдан бөлек, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салаларда серіктестік жасау туралы меморандумға қол қойылды.

Akim BKO (5)– ШҚО-ға Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аймақаралық кооперация туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында келдік, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов. – Басты мақсат – Қарашығанақ консорциумының көкжиегін кеңейту. Яғни, Қазақстандағы барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін саралаймыз. Алдымызда тұрған басты міндеттің бірі – Қарашығанақ жобасын үлкейту. Бұл ретте ерекше айтарымыз, Шығыс Қазақстан еліміздегі ең үлкен индустриалды аймақ. Осындай сапарлар аясында біздің әріптестер – шетелдік инвесторлар бұрын шетелден сатып алынатын жоғары технологиялық жабдықтардың Қазақстанда барына көз жеткізуде.

Akim BKOКездесу барысында «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг» пен ШҚО әкімдігі жергілікті мазмұнды дамыту бойынша өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ ҚПО мен «Силумин-Шығыс» ЖШС арасында жиілікті-реттеулі жетектерін техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет ұсыну туралы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале