14.12.2017, 19:13
Оқылды: 37

БҚО денсаулық басқармасына 21 техника берілді  

 

skoraya pomoshБүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасына арнайы 21 техника берілді. Жеті жаңа автокөлік Орал қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына табыс етілсе, 14 көлік аудандарға аттанады.

Жедел жәрдем көліктерінің кілтін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов табыс етіп, медицина саласы қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- Біз үшін денсаулық сақтаудағы инвестициялар маңызды болып қала береді. Жергілікті бюджет есебінен аудандардың медициналық ұйымдары үшін «ГАЗ-Соболь» базасындағы 7 реанимобиль және «УАЗ» базасындағы 14 санитарлық автокөлік алынып, кілтін табыстап отырмыз. Бұл дәрігерлеріміз бен фельдшерлеріміздің жеделдігін одан да арттыра түседі деп сенеміз, -деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Биыл БҚО-да жедел жәрдем станциясының диспетчерлік қызметінің компьютерлік паркі жаңартылды. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы  базасында Ситуациялық орталық құрылды. Бұл бригадалардың қозғалысын тек қала шегінде ғана емес, сонымен қатар облыстың барлық аудандарында қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Әрі шақырту түскен маңдағы жақын қашықтықта тұрған жедел жәрдем бригадасын қысқа мерзім ішінде шақыртуға жолдауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе төтенше жағдайларда өте ыңғайлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале