28.09.2018, 15:33
Оқылды: 75

БҚО депутаттары Зеленов ауданының атауын өзгертуді бірауыздан қолдады

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 19-шы сессиясында Зеленов ауданының атауын өзгерту мәселесі қаралды.

zelenov

Мәселеге қатысты сөз алған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева Зеленов ауданындағы барлық 22 ауылдық округте аталған мәселе бойынша жергілікті қоғамдық жиналыстар өткізілгенін, 24 қыркүйекте аудан орталығында көпшілік тыңдау ұйымдастырылғанын, Зеленов аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясында қаралып, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен хаттамасы қабылданғанын мәлімдей келе, облыстық мәслихат депутаттарынан ҚР Үкіметі жанындағы республикалық онамастикалық комиссияның қарауына Зеленов ауданының атауын Бәйтерек ауданы деп қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы ұсынысты қолдауын сұрады. Халық қалаулылары Бәйтерек атауына бірауыздан қолдап дауыс берді.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

zhaikpress.kz

         Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале