25.12.2018, 13:24
Оқылды: 55

БҚО емдеу мекемелеріне 24,8 млрд.теңге төленді

fond«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен Батыс Қазақстан облысының медицина ұйымдарына 24, 8 млрд теңге төледі.  


«19 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, Қормен келісімшарт бекіткен Батыс Қазақстан облысы бойынша  жеткізуші медициналық ұйымдарға 24,8 млрд. теңге төленді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 81,8 пайызын құрайды», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыры қоры» КЕАҚ- тың Батыс Қазақстан облысы бойынша  филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор жыл басында емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы - БҚО бойынша 30,3 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген БҚО бойынша 51 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен, оның 15 – жеке меншік.

 

«ӘМСҚ» КЕАҚ

БҚО бойынша филиалы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале