15.02.2020, 10:41
Оқылды: 166

БҚО етті бағыттағы ірі қара мал басы бойынша республикада алдыңғы орында

БҚО етті бағыттағы ірі қара мал басы бойынша республикада екінші орында. Бұл жайлы БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуінде айтылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары, мемлекеттік емес ұйым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

1 (2)

Селекциялық-асылдандыру жұмыстары мен мемлекеттік қолдаудың арқасында және мал шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды қайта құру нәтижесінде соңғы жылдарда ірі қара малдың орташа тірілей салмағы 325-тен 345 келіге дейін өсті.

Облысымыздың тауар өндірушілері сиыр және қой еті экспорты бойынша жоспарды 1,5 есе артық орындап, республикада алдынғы қатарда.  Біздің ет және ет өнімдеріміз Ресей, Иран, Әзірбайжан және т.б. елдерге шығарылуда.

5c0fad20-ef9a-47d2-a6ea-4d34a9dfff9c

Өткен жылы ауа-райы қолайлы болып, өсімдік шаруашылығы өнімі 13,5% өсіп 63 млрд. теңге құрады. Ауыл шаруашылық дақылдарында орташа өнімділік өсті.

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға өткен жылы 15,8 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде субсидияларға 10,7 млрд. теңге жұмсалды.

Ауыл шаруашылығын дамытуға 11,5 млрд. теңгеге инвестициялық салым жасаған 2 мыңға жуық агроқұрылымның шығыстарын өтеуге 4 млрд. теңгеге жуық субсидия берілді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале