26.01.2018, 12:30
Оқылды: 30

БҚО-ға шетелден 1993 жылдан бері 17 706 қандасымыз оралған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.Айтмұхамбетов айтты.

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бекітіліп, өңірлік квотаға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленді. БҚО бұл өңірлік квотаға енгізілмегенмен өңірімізге оралмандардың келу легі тоқтамайды.

- Батыс Қазақстан облысы атамекенге оралған отбасыларды 1993 жылдан бастап қабылдай бастады. Сол уақыттан бері облысымызға 3 944 оралман отбасы, оның  ішінде 17 706 адам көшіп келді. Оның ішінде басым бөлігі Өзбекстаннан және Ресей Федерациясынан. Өзбекстаннан 2 461 отбасы, оның ішінде 13735 адам, Ресейден 1283 отбасы, оның ішінде 3484 адам. 2017 жылы 45 отбасы немесе 68 этникалық қазақ көшіп келіп, оларға оралман мәртебесі берілді,-деді Қ.Шадиярұлы.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале