28.02.2017, 20:29
Оқылды: 47

БҚО кəсіпкерлеріне 7 млрд. теңге қолдау-көмек көрсетілді

received_10208543118947875Бұл туралы облыс əкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кəсіпкерлік мəселелеріне арналған кеңесте айтылды.


Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршиннің айтуынша, өткен жылы облыстағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан 7 млрд. теңге шамасында қолдау-көмек көрсетілді.

Тек «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің 600 субъектісі несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізген.

Сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының филиалы 150 кәсіпкерге несие алуға кепілдік берген.

Өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 60 шақты старт-ап жобаларына қайтарымсыз мемлекеттік гранттар бөлінген.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы да кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетілуде.

Гүлбаршын Əжігереева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале