25.08.2018, 16:08
Оқылды: 64

БҚО қоғамдық кеңестерінің І мәжілісі өтті

received_546516389115713Орал қалалық әкімдігінде БҚО қоғамдық кеңестерінің І мәжілісі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, мемлекеттік құрылым, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.


-Қоғамдық кеңестер Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қоғамдық кеңестерді дамыту туралы тапсырма берген еді. Жалпы кез-келген дамыған елде мемлекеттік саясаттың өрістеуіне азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысатыны белгілі.

received_2078909582373967Сол себепті азаматтық қоғам мемлекетті басқарудың негізі болып табылады. Орталық, жергілікті атқарушы билік тапарынан қабылданған кез келген шешімді мемқызметшілер орындайды.

Осы мемқызметшілерді азаматтық қоғам өкілдері бақылап, олардың атқарған қызметтеріне мориторинг жасап отырса, онда қоғам жүйелі дамитынын, әділеттік орнайтынын дүниежүзілік тәжірибе көрсетуде. Соған сәйкес Елбасымыздың тапсырмасымен республикамыздың түкпір-түкпірінде қоғамдық кеңестер құрылып, табысты еңбек етуде, - деді жиында алғаш болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

received_448980228957487ҚР МҚІжСЖҚІҚА БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Мирболат Нұртазин облысымызда мемқызмет көрсету сапасы бойынша облыстық және аудандық қоғамдық кеңестер деңгейінде шешімін табуы тиіс мәселелерге тоқталды.

received_541553632943610БҚО қоғамдық кеңесінің, БҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов облыстағы қоғамдық кеңестердің қызметі мен ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын баяндады.

Жиында сондай-ақ БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ақ отау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Исқалиева, Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин, Зеленов аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Арна" әйелдер одағының төрайымы Любовь Шмарина, Жәнібек аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекет Әліпқалиев сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале