29.08.2018, 13:05
Оқылды: 52

БҚО құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы тағайындалды.


 

Білімі - жоғары. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «құрылыс» мамандығында, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығында оқыды. «Болашақ» бағдарламасымен Бат университетін (Ұлыбритания) «менеджмент технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау мен аймақтық-ұйымдастыру бөлімінің консультант, инспекторы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппараты басшысы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале