12.07.2019, 15:29
Оқылды: 279

БҚО құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Әлібек Сайынұлы Антазиев тағайындалды.

Антазиев

Антазиев Әлібек Сайынұлы – 1982 жылы туған. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау шарт бөлімінің бас маманы;

- Орал қаласының құрылыс бөлімі өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі;

- Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы мониторингі бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы;

2016 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале