31.08.2017, 18:23
Оқылды: 47

БҚО мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды

IMG-20170831-WA0031Конкурс негізінде және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы тағайындалды.
Мұсағалиев Қадырболат 38 жаста. Білімі - жоғары. 2002 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын, 2010 жылы Еуразия Академиясы тәмамдаған.
Мұсағалиев Қадырболат еңбек жолын 2002 жылы Жастар шығармашылық орталығы әртісі болып бастаған.
• 2005-2009 жж. - Ғ. Кұрманғалиев атындағы облыстық филормониясының режиссері;
• 2009-2011 жж. - Ғ. Кұрманғалиев атындағы облыстық филормония директорының орынбасары;
• 2011-2013 жж. – Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы» бас директорының орынбасары,
• 2013-2014 жж. - «Астаналық концерт компаниясы» мекемесінің бөлім менеджері;
• 2014-2015 жж. - Астана қаласындағы «Кинобейне жалға беру дирекциясы» ЖШС-нің директорының міндетін атқарушы;
• 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының директоры қызметінде болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале