12.02.2018, 15:15
Оқылды: 40

БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

БҚО әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды, - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымына Ниетқалиева Бибігүл Әбдіғалиқызы тағайындалды.

Ниетқалиева Бибігүл Әбдіғалиқызы – 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «бухгалтер экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

  • Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары;
  • Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале