8.09.2018, 16:03
Оқылды: 64

БҚО мен Татарстан Республикасы арасында іскерлік форум өтті

Бүгін Оралға Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейман БҚО әкімі Алтай Көлгіновтың бастауымен облыс әкімдігінде өткен Батыс Қазақстан облысы және Татарстан Республикасы арасындағы іскерлік форумға қатысты. Татарстан Республикасының делегациясы құрамында ТР Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиев, ТР Мәдениет министрі Ирада Аюпова, ТР Туризм бйынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Сергей Иванов және өзгелері бар.

qala kuni akimat (18)

Облыс әкімдігінде Татарстан Республикасы Президенті бастаған татар делегациясымен облыс әкімі мен өңірдің кәсіпкерлері кездесті.  

Іскерлік форумды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан  мен Ресей арасындағы стратегиялық байланыстың жоғары деңгейін атап өтіп, қос елдің қарым-қатынасының дамуындағы Татарстанның салмақты үлесін таразылады.

- Соңғы 3 жыл ішінде БҚО мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Соның 200 млн. доллары Татарстанға тиесілі. Мемлекет басшыларының қатысуымен жыл сайын өтетін аймақаралық форум өткен жылы Челябі қаласында болса, биыл Петропавловскі де өтпек. Ондағы талқыға салынатын басты мәселе – Ресей мен Қазақстанда туризмді дамыту. Бұл бағытта бізде зор әлеует бар, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер туризмі күллі еліміз бойынша бірінші орында. Біздің облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі мен экология орталығына ЮНЕСКО-ның құрметті клубы мәртебесі берілген, - деді Алтай Көлгінов. Облыс басшысы батысқазақстандықтардың Татарстанға барып, Қазан қаласының көрікті жерлерін сүйсіне аралайтынын да айтты. Айтып қана қойған жоқ, татарларды біздің өңірдегі мәдени, тарихи орындармен танысуға шақырды.   Сондай-ақ туризм инфрақұрылымын дамыту бағытында қолға алынған шаруалар жайын сөз етті. «Туризм жаңа өсу нүктелерін табуға көмектеседі», - деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

Татарстан Президенті Р. Минниханов екі тараптың арасында әріптестік басталғанына ризашылығын білдірді. Оның айтуынша,  мәдениет, ұлттық, білім беру, туристік, зерттеу сықылды бірнеше бағыттар бойынша әріптестікті нығайту жолдары қарастырылуда. Жақын арада туризм мәселесі бойынша оралдық делегация Татарстанға бармақ. «Біз қазақстандық тараптың инвесторлармен жұмыс істеу, даму құрылымын, балалар мен жасөспірімдер туризмін ұйымдастыру жайын зерделейміз. Өз тарапымыздан қызықты бағыттарды анықтап, бірге жұмыстанамыз. Бірінші кезекте сауда-экономикалық саласындағы жобалар қолға алынады. Өйткені Татарстан нарығы ауқымды», - деді ТР Президенті.

Басқосуда ТР Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиев Татарстан мен Қазақстан Республикалары арасындағы сауда-экономикалық байланысқа жан-жақты талдау жасады. Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында  тауар айналымы 67 пайызға өсіп, 400 млн. АҚШ долларына жеткен. Бұдан әрі байланысты нығайта отырып, сыртық тауар айналымын 1 млрд. долларға жеткізу көзделген.

Жиында «Каzakh Invest» АҚ-ның басқарма төрғасы Марат Бірімжанов өңірге инвестиция тарту бағдарламасымен, облыстағы инвестициялық жобаларды жылжыту бағытындағы жұмыстармен таныстырды. ТР туризм бйынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Сергей Иванов өз еліндегі көрікті орындар туралы бейнеролик көрсетті, туризмді бірлесіп дамытуға шақырды. БҚО балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин туризм саласының дамуы жайында әңгімеледі. Оның нақты қолға алған жұмыстарына Татарстан Президенті қызығушылық білдірді.  

Іскерлік форум соңында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестік жөнінде БҚО-ның Тасқала мен Актаныш аудандары (ТР) арасында меморандумға қол қойылды. Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен «Градиент Килби» компаниясы арасында ниеттеме хаттамасы жасалды. Сондай-ақ «Орал «Зенит» зауыты» АҚ мен «Судостроительная корпорация «Ак Барс» АҚ арасында әріптестік жөнінде меморандум жасалды.

Жиынна кейін Татарстан делегациясы облыс әкімінің бастауымен татарлардың Қызыл мешітінде, татар халқының ардақты, ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың музей-үйінде болды. Сонымен қатар Ғабдолла Тоқай мен ұлы Абайдың ескертікштеріне гүл шоқтарын қойды.  Бұдан кейін татарстандық делегация Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйіндегі татар диаспорасымен және облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

-Қазақстанның  басты байлығы – көп ұлтты халқы. Елбасы өзге ешбір елде жоқ институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Елімізде 130 ұлт өкілі тұрады, ал біздің өңірде 87 ұлт тату-тәтті өмір сүруде. Татар бауырларымыз  ассамблеяның белсенді бөлігі, - деді Алтай Көлгінов.

Кездесу барысында татарлар мен башқұрттардың қазақстандық конгресінің төрағасы Тауфик Кәрімов,  БҚО татар этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Флюра Миликеева, ТР-ның халық суретшісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Камиль Муллашев, «Орыс мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Погодин жылы лебіздерін білдірді.  

Басқосу соңында ТР Президенті Рустам Минниханов БҚО татар этно-мәдени бірлестігіне караоке жабдығын сыйға тартты. Өнер қайраткері Камиль Муллашев мәртебелі мейманға және облыс басшылығына өзінің картиналарын тарту етті. Татарстаннан келіп Оралда бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкер Чулпан Идрисова Достық үйіне мультимедиялық жабдықтарын сыйға берді.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

Zhaikpress.kz

qala kuni akimat (17)

qala kuni akimat (7)

qala kuni akimat (14)

qala kuni dostyq ui (3)

qala kuni dostyq ui (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале