26.05.2020, 20:05
Оқылды: 48

БҚО-ның 7 ауданында коронавирус жұқпасы тіркелді

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев баяндады.

rsk_zko_20200526_6

-Облысымыздағы коронавирусқа қатысты 26 мамыр сағат он екідегі мəлімет бойынша 458 оқиға тіркелді. Өңір аумағындағы 7 ауданда инфекция тіркелді. Жұқпаның 89 пайызы қалада шоғырланған. Коронавирустың өсу бағыты соңғы үш күнде өршіді. Осы кезге дейін облыс аумағында бірнеше мекеменің жұмысына рұқсат етілген болатын. Олар: саябақтар, автобустардың қатынасы, екінші деңгейдегі банктер, адвокаттық ұйымдар, сауда орындары, базарлар тағы да өзгелері. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзге мекемелердің жұмысқа шығуына рұқсат алдағы уақытта белгіленеді. Мекемелердің жұмысына қатысты қазіргі таңда арнайы даярланған маниторингтік топ жұмыстануда. Осы апта ішінде обьектілердің санитарлық жағдайы мен карантиндік талаптарға сай келуін бақылайтын болады. Инфекцияның таралуының 57 пайыздық жағдайы сырттан əкелінген. Осы кезге дейін көршілес облыс Атыраудағы Теңіз кешенінен келген 70 азаматтан жұқпа анықталды. Соның ішінде 17 азаматтың қарым-қатынас арқылы өзге азаматтарға инфекцияны жұқтыру жағдайлары тіркеліп отыр. Карантиндік жағдайдың ұзаруының басты себептерінің алғашқысы - облыс тұрғындарының жеке тұлғалық санитарлық тазалықты сақтамауы. Көшеде, қоғамдық көлік, дүкен-базарларда бетпердесіз жүруі, арнайы ережелерге жүгінбеулері болып отыр - деді Мұхамғали Қайыржанұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале