23.10.2019, 16:00
Оқылды: 1459

БҚО-ның бас театрының басшысы ауысты

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директорының міндетін атқарушы болып Салтанат Абулгазиева тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев таныстырды.

teatr (2)

Салтанат Мақсотқызы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы Саз колледжінен драма актері, Т.Жүргенов  атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясынан театртанушы мамандығын алған. Өнертану магистрі.

 Еңбек жолын М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Көрермендермен жұмыс жасау бөлімінің менеджері болып бастаған ол әр жылдары аталған театрдың баспасөз қызметінде, Алматы қаласындағы «Елім-ай» ЖШС-ында қоғамдық ұйымдармен жұмыс бөлімінің жетекшісі, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс жасау бөлімінің жетекшісі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі, театр директорының орынбасары болып жұмыс жасаған.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы оқу театрының басшысы және театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының оқытушысы болады. 2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан театрлары ассоциациясының атқарушы директоры болып келді.

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бұрынғы директоры Қуаныш Амандықов өз еркімен қызметінен кеткен.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале