4.01.2019, 15:49
Оқылды: 53

БҚО-ның бірқатар ауданында жол жабылды

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, бүгін 11:00-ден бастап «Қазталов-Жәнібек-Ресей шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын» республикалық маңызы бар жолы жабылды.

jol

Ал сағат 13:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты «Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу» (0-170 км Жалпақтал – Қарасу ауылы), «Жаңақала-Сайқын» (0-207 км Жаңақала – Сайқын) облыстық маңызы бар автомобиль жолдары барлық көлік қозғалысы үшін жабылды. Қазір бұл аудандарда қатты бұрқасын жүруде.

«Қазгидрометтің» БҚО бөлімшесінің бүгінгі мәліметі бойынша, ертең, 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Орал қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-ке дейін күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болмақ.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале