15.06.2020, 10:27
Оқылды: 774

БҚО-ның Дариян ауылының тұрғыны адам атып өлтірді

97474_0

иллюстативті сурет

БҚО-ның Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында атыс қаруынан жарақаттанған адам қайтыс болды.  Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

 

Облыстық полиция департаменті 12 маусым күні сағат 03:55-те Бәйтерек ауданының Приуральный полиция бөлімінің кезекшісіне Дариян ауылында атыс болғаны жайлы хабар түскен. Песочная және Тайманов көшелерінің қиылысында 1994 жылғы И. атыс қаруынан жарақат алған.

-Дабыл көтеріліп, полициялар атқан адамды бірден ұстаған. Қару қолданған Дариян ауылының 1983 жылғы Ч. есімді тұрғыны болып шықты. Жарақат алған И. қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілгенмен, құтқару мүмкін болмаған. Алған жарақаты ауыр болған ол қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Толық ақпарат тергеу аяқталғасын жарияланады, - дейді БҚО ПБ ресми өкілі, полковник Б.Белгібеков.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале