23.01.2020, 9:39
Оқылды: 284

БҚО-ның экологиялық ахуалы талқыланды

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен «Батыс Қазақстан облысындағы қоршаған орта жағдайы және экологиялық мәселелері» туралы кеңес өтті.

akimat (4) 1

Басқосуда аталған тақырып төңірегінде облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов баяндама жасады.

Баяндамада айтылған деректерге сүйенсек, жалпы облыс бойынша өткен жылы атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттар 54,3 мың тоннаны құраған. Жалпы еліміз бойынша 2,4 миллион тонна деп есептелсе, біздің өңірдің бұл көрсеткіштің 2,2 %-тін құрап отыр. Ауаға шығарылған зиянды заттардың 55 %-тін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Жайықмұнай» компаниялары және «Интергаз Орталық Азия» акционерлік компаниясының «Орал» магистралды газқұбарлары басқармасы мен «Конденсат» АҚ секілді 63 ірі табиғат пайдаланушыларының үлесінде. Ал қалған 45 %-ті 2,3 және 4-ші санаттағы компанияларға тиесілі.

akimat (5)2

Аталған департамент басшысы баяндамасында су ресурстарының зиянды қалдықтармен ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарына қатысты мәселелер туралы айтып, бақылау инспекциясының атқарған жұмыстарына тоқталды.

akimat (2)

Сонымен қатар жиында «КПО б.в» компаниясының қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Руслан Мұқанғалиев, «Жайық мұнай» ЖШС директоры Жомарт Даркеев, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Қуат Мусин, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шауенов аталған бағыттағы атқарылған жұмыстар турасында баяндады.

akimat (1)

Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі биыл Киров-Шежін каналын салудың төртінші кезеңін жүргізу, қала маңындағы күл-қоқыс төгетін орынның беткі қабатын қопсыту, экология саласы бойынша форумдар ұйымдастыру секілді бірқатар тапсырманы жүктеді. Сондай-ақ аудандарда салынады деп жоспарланған күл-қоқыс төгу орындарына қажетті қаражатты үнемдеу үшін мемлекетік-жекеменшік әріптестік жолымен салынуын қарастыруды тапсырды.

akimat (3)

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале