23.09.2019, 21:36
Оқылды: 505

БҚО-ның экономика саласында 100-ден астам цифрлық жоба жүзеге асуда

– Біздің өңір – өзінің бай тарихымен, көрікті табиғаты мен шұрайлы жерімен ғана танымал өлке. Енді біз тұрғындары күн сайын озық сандық технологияларды қолданатын «ақылды» аймаққа айналуға тиістіміз.

Ел-жұртқа ыңғайлы болуы және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін цифрлық технологияларды енгізуді жалғастырамыз. Осы мақсатта облыстағы экономиканың барлық саласында 100-ден астам жоба жүзеге асуда. Жыл соңына дейін жер ресурстарын тиімді басқару, жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін бақылау, тіркелмеген ғимараттарды анықтау және тағы басқа қызмет үшін спутниктік мониторингтің географиялық-ақпараттық жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ күмәнді, дүдәмал бизнесті әшкерелейтін геосалық порталы болады.

globe-connections_34998-143Мысалы, елорда үлгісіне сай «109» апаттық-коммуналдық қызметіне арналған қалалық call-орталық іске қосылды. Күні бүгінге орталық арқылы 15 мыңға жуық қоңырау түсті, 7 мыңнан астам тұрғынның өтініші орындалды. Арыз-шағым бойынша көтерілген мәселелерді жүйелі шешіп отыруға осы қызметтің талдау-сараптау бөлігін күшейтуді жоспарлаудамыз.

Халықтың сенімін арттыру және барлық жедел қызметке бірыңғай байланысты қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай «112» кезекші-диспетчерлік қызметі құрылуда. Бірыңғай байланысқа «101», «102», «103» және «112» қызметтері кіріктірілген. Бұл жоба қауырт жағдай туындағанда шұғыл әрекет ететін барлық қызметтің өзара бірлесе қимылдауына мүмкіндік береді. Мәселен, жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жолаушылар мен жүргізуші жарақат алады. Бұл жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Сол кезде жол полициясы, құтқарушылар мен өрт сөндіру жасағы, әрі жедел жәрдем бригадасы бірге келеді. Сандық технологиялар нарығында көптеген ұсыныстар бар. Біз үшін қазіргі заманға сай болу өте маңызды,- деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале