16.01.2020, 10:20
Оқылды: 1455

БҚО-ның оңтүстік аудандарына жол салып жатқан бас мердігерлерге қатаң ескерту берілді  

БҚО-дағы Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын автокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмысы баяу жүруде. Осы мәселеге байланысты Нұр-Сұлтан қаласында жиын өткізілді. Жол жөндеу жұмысының кешеуілдеуінің себебі анықталып, кестеге сәйкес жұмысты қалпына келтіру үшін нақты тапсырмалар берілді.

akimat

Бұл туралы Батыс Қазақсан облысы әкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.

Айта кетейік, жөндеу жұмысы тікелей ҚР Президенті мен Премьер-Министрінің бақылауында тұр. Елордадағы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде өткен жиынға аталмыш министрліктің вице-министрі Берік Камалиев пен облыс әкімі Ғали Есқалиев, сондай-ақ мердігер мекемелер мен «ҚазАвтоЖол» ҰК »АҚ-ның басшылары қатысты.

Мердігерлер жұмыс кешеуілдеуінің себебін түсіндіріп, жұмысты кесте бойынша қалпына келтіру үшін қолға алынған шаралар туралы баяндады.

Кездесуде белгілі болғандай жол жөндеу жұмысы жоспарға сәйкес 2021 жылы аяқталады.

Отырыс барысында Берік Камалиев бас мердігерлер «Теміржол жөндеу», «АтырауЖолдары» және «Ақжол Құрылыс» ЖШС басшыларына наурыз-сәуір айларында бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 1 наурызға дейін дайындықты аяқтауды тапсырды. Осы талаптар орындалмаған жағдайда мердігерлермен келісімшарт бұзылатындығы туралы қатаң ескерту берілді.

Еске сала кетсек, Казталов, Жәнібек, Бөкейорда аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын күре жолдың 238 шақырымын күрделі жөндеу Елбасы тапсырмасымен басталды.

2019 жылы жобаны жүзеге асыруға 2,4 млрд. теңге бөлінсе, ал құрылыстың жалпы құны 54,1 млдр. теңге.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале