5.04.2019, 18:45
Оқылды: 52

БҚО-ның үздік психологы анықталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен аудандық, қалалық білім беру ұйымдарындағы мектеп психологтары арасында «Үздік мектеп психологы» облыстық байқауы өтті.

 psiholog (5)

Байқауға қатысушылар екі кезең бойынша бақтарын сынады. Алдымен қатысушылар презентациялық портфолио қорғап, «Мен және менің мамандығым» тақырыбында мотивациялық хат жазды. Үздік атанған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңге психологтар 2 кезең бойынша сынға түсті. Сайыстың «Тұсаукесер» кезеңінде қатысушылар өзін кәсіби креативті түрде таныстырып, көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Кейінгі бөлімде сайыскерлер мамандығы бойынша түрлі тақырыпта, ынтымақты іс-қимыл тереңдігін көрсету, тәжірибеде қолдануға болатын нәтижесі бар психологиялық тренингтер өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша Теректі ауданы, Подстепный қазақ мектебінің педагог-психологы Жұмагүл Хамзина үздік деп танылып І орын ие болды. Бөрлі ауданы, №1 мектептің педагог-психологы Аққаным Максутова ІІ орын, Орал қаласы, №26 мектептің психологы Айман Раушанова ІІІ орын иеленді.

Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы мектептің психологы А.Бахтыгереева «Өз ісінің шебері», Казталов ауданы Жаңажол мектебінің психологы Г.Болатова «Шығармашыл психолог», Жәнібек ауданы, Ғ.Абдуллин атындағы мектептің психологы Н.Қадырова «Жаңашыл ізденімпаз психолог» аталымымен марапатталды.

psiholog (4)

Үміт Жәңгірова,

 БҚО білім басқармасы баспасөз

хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале