3.04.2019, 18:28
Оқылды: 15

БҚО оқушылары республикалық турнирден жүлдемен оралды

Петропавл қаласында 20 наурыз бен 4 сәуір күндері аралығында шағын футболдан  республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» турнирі өтті.

DSC_0023

Дәстүрлі турнирге Батыс Қазақстан облысы атынан Жаңақала мектебінің 9-11-сынып оқушыларынан құралған команда қатысып, облыс намысын қорғады.

Жерлестеріміз 11 команда арасынан жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команда құрамында үздік ойын өрнегін көрсеткен 11-сынып оқушысы Мейрамбек Ғұбайдуллин «Үздік қақпашы» аталымымен марапатталды.

Команда жетекшілері Жаңақала мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.Бегалиев пен М.Есимов. Сонымен қатар команда Астана қаласында өткен «Қайырымды жандар турнирі» жарысынан 36 команда арасынан жүлделі ІІІ орынмен оралды.

Үміт Жәңгірова,

БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале