23.04.2018, 12:06
Оқылды: 124

БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің жаңа басшысы тағайындалды

IMG-20180423-WA0059Бүгін БҚО ішкі саясат баскармасының өңірлік коммуникациялар қызметі филиалының жаңа басшысы болып Бағдат Мәдиұлы Ізмағанбет тағайындалды.


Бағдат Мәдиұлы Ізмағанбет 1987 жылы 1 наурызда БҚО Ақжайық ауданында дүниеге келген. 2014 жылы «Еуразия» академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» факультеті бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған.

2005-2006 ж.ж. Орал қалалық радиосында журналист, диктор, 2006 жылы Орал қаласы әкімдігінің «Жайық үні» қалалық қоғамдық-саяси газетінде журналист және жарнама менеджері қызметін атқарды.

2007-2012 ж.ж аралығында қалалық «ТДК-42» телеарнасында жаңалықтар қызметінің редакторы, жаңалықтар жүргізушісі, «Айтарым бар» ток-шоуының жүргізушісі, «Жайық жастары» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, «Ислам ақиқаты» діни-танымдық бағдарламасының авторы және жүргізушісі, 2012-2013 ж.ж «Қазақстан» ТРК БҚОФ – «Қазақстан-Орал» телеарнасында жаңалықтар қызметінің тілшісі және жаңалықтар жүргізушісі болып еңбек етті.

2012-2013 ж.ж. «Жайық Пресс» ЖШС журналист, ақпарат орталығының меңгерушісі болып қызмет етті. Медиахолдингтің жеке сайтына ақпараттар орналастыру, өңірдің тарихи-мәдени мұралары туралы деректі фильмдер түсіру жұмыстарын атқарды.

2013-2014 ж.ж. «Евразия+ОРТ» ЖШС республикалық «Еуразия бірінші арнасының» БҚО-дағы меншікті тілшісі қызметінде эфирге сюжеттер дайындап, тақырыптық хабарлар түсіріп, журналисттік зерттеулер жүргізді.

2014-2016 ж.ж. «Жайық Пресс» ЖШС ақпарат орталығының үйлестірушісі болып жұмыс жасады.

2016-2017 ж.ж. Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалында қызмет етті.
2017-2018 жылдары "QAZAQSTAN” ТРК Атырау облыстық филиалы ATYRAY’ телеарнасы директорның орынбасары-бас редактор қызметін атқарды

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2008 жылдың үздік тілшісі (БҚО ішкі саясат басқармасы, «Жыл үздігі-2008» жастар сыйлығы);

2009 жылы «Жайықтан-жыр самалы» өлеңдер мүшәйрасының гран-при иегері (Орал қаласының әкімдігі);

2010 жылы «Жас маман» аталымын жеңіп алды (БҚО ішкі саясат басқармасы);

2010 жылы облыстық журналистер арасындағы байқауда «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша дипломмен марапатталды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале