5.09.2019, 18:06
Оқылды: 63

БҚО прокурорлары айыппұлдың өндірілуін тексерді

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары әкімшілік айыппұлдардың орындалуын тексеріп, 280 млн. теңгенің атқарушылық құжаттары бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылар жіберген заң бұзушылықтарды анықтады.

438504

Өндірісті дер кезінде қозғамаудың 2968 фактісі, банкрот болған кәсіпорынға қатысты 21 құжатты қысқартпау, табыстан өндіру туралы 848 қаулыны бақыламау, шет елге шығуға тыйым салмаудың 29 және құжаттарды заңсыз қайтарудың 129 фактісі анықталды.

Ақпараттық жүйелердің көмегімен прокурорлар 6 мың борышкердің табысы мен еңбекақысы, мүлкі, банктік шоттары мен дебиторлық берешегін тапты.

Прокурорлармен рейд кезінде «Автоураган» жүйесімен айыппұлы дер кезінде төленген автокөліктерді негізсіз тоқтатудың 20 фактісі анықталды.

Сот орындаушылар adilet.gov.kz ресми сайтынан құжатты орындаған борышкерлер туралы мәліметтерді, автокөліктерге салынған тыйымдарды уақытылы алмаған.

Тексеріс нәтижесінде 23 сот орындаушысы мен әділет департаментінің  2 басқарма басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау актімен 48 млн. теңгенің 2,3 мың құжаты орындалды.

Қазіргі уақытта сот орындаушылары полициямен бірлесіп қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте заң бұзушылықтарды жою және айыппұлдарды өндіру жұмысын жүргізуде.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале