15.05.2020, 12:37
Оқылды: 931

БҚО шекарасында жеке медициналық қорғаныс құралдарын тиеген 14 жүк машинасы жалған құжатпен ұсталды

Сырым өткізу бекетінде тасымалдауға тыйым салынған жеке қорғаныс құралдарымен 14 жүк машинасы ұсталды. Бұл автокөліктер Алматы қаласынан Ресей Федерациясының Пенза облысына бара жатқаны анықталды.

20200515_111750

Жүк бөліктерін көзбен шолып қарау кезінде шығаруға тыйым салынған тауарлар - жеке қорғану құралдары: медициналық және қорғаныс бет перделері, респираторлық маскалар, дәрілік заттар, байланыссыз термометрлер, қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктері, қорғау костюмдері, респираторлық маскаларға арналған сүзгілер, антисептиктер, қорғаныс щеткалар табылды.

20200515_122154

-Аталған тауарларды басқа жаққа жіберуге арналған жүк құжаттарды зерттеу нәтижесінде, сондай-ақ экспорттауға рұқсат беру құжаттары қажет болатын медициналық құралдар мен жабдықтар анықталды. Заңды тұлға медициналық тауарларды өткізуге рұқсат құжаттарын берген жоқ. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесінде де мәліметтер табылмады.
Жүк құжаттарының мониторингі барысында электрондық шот-фактуралар Мемлекеттік кірістер комитетінің ЭШФ ақпараттық жүйесінде тіркелмегені анықталуына байланысты, ұсынылған құжаттар жалған болып табылады. Тауардың жалпы сомасы 950 млн. теңгеден асады.
Жоғарыда көрсетілген фактілер заңды тұлғаның нақты алынған кірістерді жасыру және салық төлеуден жалтару мақсатында ЭШФ-ны қолдан жасаған. Осы фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді. Жеткізушіге қатысты кедендік тексеру басталды, - дейді БҚО Кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Айман Қуанова.

20200515_113251(0)

-Алматыдан 2 мамыр күні шықтым. Жүкті Ресейге жеткізуге тиіс едік. Жүктің иесі де бізді іздемей тұр. Оны білмейміз, хабарласа да алмай жатырмыз. Тапсырысты біреулер арқылы алып едік, олар да мәселені шеше алмауда, - дейді жүк көлігінің жүргізушісі, қырғызстандық азамат Нұрлан Исламжанұлы (суретте).

Жалған құжат кесірінен сапарын жалғастыра алмай Орал қаласында жатқан он төрт көлік жүргізушісінің бесеуі - қазақстандық, алтауы - қырғызстандық, үшеуі ресейлік азамат.

Нұрлыбек Рахманов,

Суретке түсірген автор
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале