31.07.2019, 18:54
Оқылды: 128

БҚО тәртіп сақшылары майдангерді мерейлі жасымен құттықтады

Батысқазақстандық тәртіп сақшылары Ұлы Отан соғысының ардагері, доғарыстағы милиция подполковнигі Серекешев Сағызбай Есенғалиұлын 95 жасқа толу мерейтойымен құттықтап қайтты. Асқар таудай ақсақалды құттықтауға БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы, Адаев Жайлыбай Келдібайұлы бастаған ардагерлер кеңесі, сондай-ақ облыс және қалаға қарасты полиция қызметкерлері барып, ардагерге зор денсаулық, қажымас қайрат, балалары, немелері мен шөберелерінің қуанышына бөленіп, бақытты ғұмыр кешуін тіледі.

police veteran (2)

Мерейтой иесіне бағалы сыйлық табыстап, артынан БҚО ПД қызметкерлерінің орындауында шағын концерт қойды. Мерейлі жасқа толған ақсақал құттықтап келген офицерлерге өз ризашылығын білдірді.

БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангердің өмірлік жолы бүгінгі күні бейбіт өмірде өз қызметтік жолын қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыспен күреске арнаған  жас буынға үлкен үлгі болары сөзсіз деп атап өтті.

police veteran (1)

Тәртіп сақшылары ардагерлерді ешқашан назардан тыс қалдырған емес, оларды тек 9 мамыр күні құттықтап қоймай, барлық белгілі мемлекеттік мейрамдарда құттықтап отыруға тырысып келеді. Бүгінде облысымыздағы полиция қатарында соғыс майдангері болып қана қоймай,  ішкі істер органдарында қызмет еткен үш ардагеріміз бар. Тәртіп сақшылары олардың әрқайсысына көңіл бөліп тырысады.

police veteran (3)

Сағызбай Серекешов 1924 жылы 30 шілдеде Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сасықөзек ауылында дүниеге келген. 1941-42 жылдары Тайпақ ауданындағы Калмыков орта мектебін бітіріп, Кеңес армиясының қатарына отандық борышын орындауға шақыртылады. Ауданның көптеген жастарымен бірге әскери байланыс училищесіне оқуға түсіп, жылдың соңына қарай қан майданға аттанып кетеді. Жаудың Жәнібек ауданына жақындауына байланысты әскер қатарындағы небәрі жасы он жетілердегі сарбазды соғысқа аттандырады. Бірақ белгілі себептермен Шкалов (Орынбор) қаласына бір айға, кейін Уфа қаласындағы 23-ші снайперлік атқыштар полкіне курсант болып барады. Көп кешікпей 1-ші Украин фронты майданының 57-ші полкінің құрамындағы взвод командирінің  көмекшісі етіп тағайындайды.

police veteran (4)

1944 жылы Батыс Қазақстан облысындағы НКВД-ға жұмысқа тұрып,  содан 1954-55 жылдары милиция мектебін тәмамдайды. Ішкі істер саласын жетік меңгеріп алғаннан кейін, Қаратөбе ауданындағы ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі қызметін атқарады. 1965 жылы Қаратөбе, Жымпиты аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметінде болып, ішкі істер саласына көптеп еңбек сіңірген. 1966 жылы құрметті еңбек демалысына шығар алдында Қаратөбе аудандық кеңесі бастығының орынбасары болып жұмыс атқарып, он бір жылдай уақыт бойы қылмыскерлермен текетірескен милиция қызметкерлерімен бір ұжым болып еңбектенген. Отыз төрт жыл тапжылмай, күш-қайратын ішкі істер саласында қызмет етуге жұмсаған милиция полковнигі 1978 жылы салтанатты демалысқа шығады.

«Еңбегі үшін», «1941-1945 ж.ж. ҰОС кезінде Германия түбіндегі жеңісі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале