23.06.2018, 16:39
Оқылды: 25

БҚО төтенше жағдайлар департаментіне 28 техника табысталды

iAf4ABtrrNIАстананың 20-жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президент алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті заман талабына сай жаңа техникамен толықты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сала мамандарына жаңа техниканың кілтін облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов арнайы табыстады. Облыс әкімінің орынбасары қызметкерлерді жаңа заманға сай техниканың келуімен құттықтап, төтенше жағдайлар саласын қажетті техникалармен жабдықтау бойынша жұмыстардың әрі қарай жалғастырылатындығын атап өтті.

Сөйтіп, төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 28 жаңа арнайы көлікпен толықты. Олар - 18 бірлік АСА (Уаз 390995-460-04), 3 бірлік АЦ 5-40 Урал 4320, 1 бірлік АЛ-32 Камаз 43118 және 6 бірлік «Hyundai» маркалы жедел көлігі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале