14.11.2018, 15:33
Оқылды: 55

БҚО тұрғындары диктант жазды

Бүгін еліміз бойынша тұңғыш рет латын графикасына негізделген жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өткен болатын. Соған орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде өңіріміздегі мемлекеттік қызметкерлер диктант жазды.

diktant (1)

Шара латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін насихаттау және оны меңгеруді практикалық тұрғыда дағдыландыру  мақсатында өтті. Басқосуды облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Диктанттың тақырыбы  - «Рухани жаңғыру» болды.

- Жалпыхалықтық диктант жазу шарасы - Елбасының биылғы жылдың 19 ақпанда жариялаған №627 Жарлығына сәйкес «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. Облыс бойынша 100 мыңнан астам тұрғын қамтылуда. Яғни 15 жасқа толған оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, халыққа қызмет көрсету орталығының және облыстық басқармалардың  қызметкерлері қатысуда. Келесі жылдан бастап мектепалды даярлықта  оқитын оқушылар латын графикасына негізделген әліпбимен оқиды. Сол сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер латын графикасы негізінде сабақ беруге дайындалады,- деді облыстық тілдерді дамыту басқармасының  басшысы Айгүл Мыңбаева.

Диктант жазу уақыты аяқталған соң жұмыстар жиналып алынды. Кейін әр қызметкердің сауатты жазу мәдениеті бағаланбақ.

diktant (2) diktant (4)

                                                                                 Гүлсезім БИЯШЕВА,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале