22.08.2017, 13:39
Оқылды: 139

БҚО ветеринария  басқармасының басшысы тағайындалды

0O9A4618-2«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының ветеринария  басқармасы басшысы лауазымына Нұрмағамбетов Серік Базарұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Серік Базарұлы 1961 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1987 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, 2003 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және басқару институтын бітірген.

Нұрмағамбетов Серік Базарұлы еңбек жолын 1978 жылы Орал электр жүйелері кәсіпорнының электромонтері болып бастаған.

1979-1980 жж. - Саралжын қаракөл кеңшарында ферма шопанының көмекшісі;

1980-1982 жж. - Кеңес әскері қатарында;

1982-1987 жж. - Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтының студенті;

1987-1988 жж. - Қоскөл кеңшарының мал дәрігері;

1988-1989 жж. - Қоскөл кеңшарының комсомол комитетінің хатшысы;

1989-1990 жж. - Қаратөбе аудандық малдәрігерлік бекеті бастығының орынбасары;

1990-1993 жж. - Шөптікөл кеңшарының бас мал дәрігері;

1993-1994 жж. - Қаратөбе аудандық малдәрігерлік бекеті бастығының орынбасары;

1994-1999 жж. - Қаратөбе аудандық малдәрігерлік бекетінің бастығы;

1999-2006 жж. - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаратөбе аудандық аумақтық басқармасының бастығы;

2006-2008 жж. - ҚР АШМ Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бастығы;

2008-2012 жж. -  Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2012-2014 жж. - Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2014-2016 жж. -  Теректі ауданы әкімінің орынбасары;

2016 жылдан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале