21.05.2018, 11:58
Оқылды: 22

БҚО жастары «Жазғытұры» акциясын ұйымдастырды

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы 19 мамыр күні Абай Құнанбайұлының 173 жылдығына орай облысымызда «Жазғытұры» акциясын ұйымдастырды. 

Шара барысында жастар ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқып, терең мағынасын ашып, түсіндіріп өтті. Әр қазақ жатқа білетін Абайдың әсем әндері шырқалды.  Абайтанушы ғалымдар, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері ақын шығармашылығын оқырмандар қауымына кеңінен насихаттады.

Үздік деп танылған ақын-жазушы оқырмандарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Зарина Ықсанова,

«Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы менеджері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале