20.04.2018, 11:43
Оқылды: 40

БҚО: жерлестеріміз арбадағы спорттық би чемпионатынан жүлделі оралды

ad6b1530-721a-46e3-82f8-5bb3ddc43033Астана қаласында арбадағы спорттық биден республикалық чемпионат өтті. Бұл туралы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметі хабарлайды.

Заманауи жəне спорттық би федерациясының ұйымдастыруымен жарыс Назарбаев Университетінің спорт клубында жəне мəжіліс залында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің 11 облысынан 60 шақты спортшы қатысты.

Облыс намысын қорғаған Бақыт Ағзамова пен Қайрат Нұғманов DUO STANDART стиліндегі биден 3 орынды, DUO LATINA биден 2 орынды,

DUO FREESTYLE биден 2 орынды, ал Жанғалиева Гүлмира FREESTYLE SINGL WOMEN биінен 4 орынды иеленді.

Айта кетейік, өңір спортшыларын арбадағы спорттық биден А.Хамзина жаттықтырады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале