1.11.2018, 11:36
Оқылды: 52

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жаңа басшы

Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі бойынша, Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Құлқаев Алтай Есмағұлұлы тағайындалды.

Білімі - жоғары. Қазақ коммерциялық қаржы академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Теректі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, ал 2015 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале