12.08.2020, 17:28
Оқылды: 80

Бөкей ордасында партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мүшелерінен құралған топ Бөкей ордасы ауданына қарасты Сайқын ауылындағы ауылішілік аутокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысты.

Орда жол1

Жалпы жөндеу жұмыстары "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 2020-2021 жылдарға жоспарланған. Сайқын ауылының 15 көшесіне асфальт-бетон жабыны төселетін болады. Биыл сол он бестің сегізінің асфальт беті жаңартылмақ. Жұмысқа жауапты мердігер − "РСУ-1" ЖШС-і.  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жергілікті 14 азамат  жұмыспен қамтылып отыр.

Орда жол 2

- Жұмыс барысымен таныстық. Бұл жұмыс республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын тас жолына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмысына орайлас жоспарланған.

Нақтырақ айтсақ, аудан мен облыс орталығын байланыстыратын тасжолды жөндеу үшін құрылатын асфальт ауылішілік жолды жөндеуге пайдаланылады деген жоспар бар еді. Асфальт зауытының әлі де әкелінбеуіне байланысты ауылішілік жұмыста кедергі туындап отыр екен. Жауапты серіктестік мәселе шешілсе, жұмыс қарқын алады деп сендіріп отыр, - дейді «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале