23.10.2020, 9:01
Оқылды: 103

Бокстан Қазақстан чемпионаты қараша айында өтеді

Бокстан Қазақстан чемпионаты қараша айында Шымкент қаласында өтеді.«Қазақстан бокс федерациясы Шымкентті 2020 жылғы ел чемпионатын өткізетін қала ретінде таңдады. Ерлер мен әйелдер командалары бір уақытта өнер көрсететін Чемпионат 23-29 қараша аралығында өтеді. Шымкенттің республикалық жарыстарды ұйымдастыруда тәжірибесі мол, чемпионаттың сәтті өтетініне сенімдіміз», - деді Федерация президенті Кеңес Рақышев.Бокс

Шымкент 2017 жылы ерлер арасында ел чемпионатын өткізді; 2019 жылы бокстан V жазғы әйелдер спартакиадасын және жастар арасында ел чемпионатын өткізген болатын.

Бүгінгі күні коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның деректері бойынша Шымкент пен Түркістан облысы тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл аймаққа» кіреді, ол аймақтарда жаңа инфекциямен сырқаттанушылықтың ең төмен көрсеткіші тіркелген.

«Біз Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің чемпионатты өткізуге рұқсатын алдық және барлық өңірлердің командаларын қабылдауға дайындалып жатырмыз. Бұл ерлер мен әйелдер командалары қатысатын алғашқы біріккен чемпионаты болады. Өкінішке орай, біз көрермендерді шақыра алмаймыз, бірақ олар барлық жекпе-жектерді көру мүмкіндігіне ие болады. Ал біздің федерация, әрине, командалардың да, жанкүйерлердің де риза болуы үшін жарысты жоғары деңгейде өткізуге барлық жағдайды жасайды», – деді Шымкент бокс федерациясының атқарушы директоры Рахманбек Арғымбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, командалардың барлық мүшелері жарыс басталар алдында COVID-19 вирусына тест нәтижелерін ұсынуға міндетті. Спортшылар мен жаттықтырушыларға қала бойынша қозғалысты «қонақ үй – спорт сарайы» бағытымен шектеуге ұсынылып отыр.

Ерлер мен әйелдер командалары осы жазда және күзде Алматы облысында бірнеше оқу жаттығу жиындарын өткізген. «Спортшылар жақсы қалыпта, біз барлық санитарлық талаптарды сақтадық, ешкім ауырмады, барлығы жекпе-жектерге шығуға асығуда, сондықтан қазір бізге жарыстар қажет, - деді ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

 inform.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале