22.03.2019, 13:15
Оқылды: 30

Болашақ олимпиадашылар елорданың жаңа атауын қолдайды

Құрметті әріптестер, қала тұрғындары және қала қонақтары! 

Баршаңызды облыстық мамандандырылған олимпиада резерві балалар-жасөспірімдер мектебі атынан бүгінгі төл мерекеміз, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Screenshot_2019-03-22-13-12-41-1

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі, сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық!

Отанымызға береке, халқымызға игілік, мемлекетімізге молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Кешегі елімізде болып жатырған тарихи оқиғаларды, Тұңғыш Президентіміз – Елбасының көрсетіп келген қолдауы үшін алғыс білдіреміз. Елбасының әрдайым ең қиын сәттерде халықпен бірге болып, үнемі көрсеткен қамқорлығын сезініп, әрқашан бағытын және Біз еліміздің жүрегі - елорданы Нұр-Сұлтан деп аталғанын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мамандары да қолдайды. Сондықтан да Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символына айналған және талай спорттық додаларда есімі шарықтар елордамызды еліміздің өркендеуіне сай, заманға лайық жаңа астана салу идеясы авторының есімімен аталуы тиіс деп ойлайды.

Ұлы даламыздың жеті қыры жаңғырған, еліміздің береке-ырысы мол болсын! Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің ізгілікке бөлер жастарымыз ғұмырлы болуы үшін биікке жетелер мақсат пен биікке шығар күш-қуат тилейміз! Еліміз тыныш, басымыз аман болсын!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Құрметпен, 

облыстық мамандандырылған олимпиада резерві 
балалар-жасөспірімдер мектебі ұжымы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале