19.09.2019, 18:15
Оқылды: 156

Бөрлі ауданының суретшілері мен шеберлерінің көрмесі ашылды

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының көрме залында Бөрлі ауданының суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды.

borli (3)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында мәдениет және өнер орталығы жыл бойы облысымыздың барлық ауданы, сондай-ақ оқу орындары өнер шеберлерінің көрмесін тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Аталмыш орталық директорының орынбасары Диана Төлешева игі бастама жыл соңына дейін жалғасын табатындығын айтты.

borli (4)

– Ауданымызда талантты да талапты жандар жетерлік. Солардың бірқатарының туындысын көрмеге қойдық. Атап айтар болсам, Бөрлі ауданы әкімдігіне қарасты «Балалар өнер мектебі» МКҚК, аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы шәкірттерінің майлы бояу, модульді картина, жүнмен кескіндеме секілді сан түрлі техникада орындаған жұмыстары төрден орын тапты, – дейді Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалия Баймұқашева.

borli (1)

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі суретші Бақтығали Оразов талантты жастардың ісіне сәттілік тілеп, жыл соңына дейін әр аудан және оқу орындарындағы өнер шеберлерінің туындылары сарапқа салынып, ең үздік дегендері республикалық деңгейдегі көрмеге жолданатындығын атап өтті.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале