26.09.2017, 17:59
Оқылды: 19

Бөрліде 417 млн. теңге құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда

Бөрлі ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 417,7 млн. теңге құрайтын 12 жоба жүзеге асырылып, 41 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жайлы Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов БҚО Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.


2017 жылдың сәуір айында «Конденсат» АҚ жаңа өндіріс нысаны - вакуумдық айдау секциясын, сонымен бірге вакуумдық айдау өнімдерін қабылдайтын,сақтайтын және жіберетін  нысандарды  пайдалануға берді. Жаңа технологиялық қондырғы дизель отынын өндеу үшін ашық фракцияның шығуын көбейте отырып, мұнай және мұнай өнімдерінің ауыр сұрыптарын өңдеуге,  сонымен бірге вакуумдық газойль мен гудронды шығаруға мүмкіндік береді.

2017 жылдың 8 айында екінші деңгейлі банктер (АТФ банкі) арқылы ауданның 13 кәсіпкеріне 24,3 млн.теңге несие берілсе, «Қарашығанақ» несие серіктестігі» арқылы 7 шаруа қожалығы мал шаруашылығы мен егістік шаруашылығын дамытуға, ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға 47,6 млн теңге несие алған.

- Жыл басынан бері 71 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 217 отбасына жәрдемақы төленсе, «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 53 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 38 адамға Бурабай шипажайында санаторлы-курорттық ем алса, 23 адам кресло-арбамен, 8 адам ортопедиялық таяқшамен, 25 адам сурдо, тифло құралдармен қамтылды.

Ауданда Березов, Бестау ауылдарының тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары аяқтала келді. Қазіргі таңда Аралтал шағын ауданынан салынған 100 үйдің құрылысы толықтай аяқталып, тұрғындарды көшіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 92 отбасыға пәтер кілті табысталып, оның 62-cі қоныстанды. Қалғандары құжаттарын жинақтауда.  Алда екі 9 қабатты үйдің құрылысы аяқталса, қалған тұрғындарды да көшіру 15 қазанға дейін аяқталып қалар деп отырмыз.

Қала ішінде өндіріс орындарының көбеюіне байланысты өндіріс ошақтарын қала сыртына шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан біз алдағы уақытта ауданның  бас жоспарына өзгерістер енгізіп, өндіріс орындарының орналасатын орны мен аумағын нақтылайтын боламыз,-деді А.Халелов.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале