7.08.2018, 18:41
Оқылды: 91

Бөрліде жолаушы қауіпсіздігіне көңіл бөлінуде


Соңғы жылдары Орал-Ақсай бағытындағы жол-көлік апаты көбейді. Оған тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы алаңдаушылық білдіруде. Соған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиевтен жолаушылар тасымалы қауіпсіздігіне қатысты қандай шаралар қолға алынғанын сұрадық.


бөрлі

– Елбасының тапсырмасы бойынша Орал-Бөрлі-РФ бағытындағы автожол күрделі жөнделеді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда. Жол қауіпсізігіне де назар аударып жатырмыз. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақсай-Бөрлі бағытындағы және қала маңынддағы айналма жолдар бойына «ақылды» камералар қою жоспарлануда. Ақсай мен Орал бағыты бойынша жолаушылар тасымалына қатысты конкурстық рәсімдерді өткізуге облыстық жолаушылар көлігі жауапты. Дегенмен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда.  Қоғамдық көліктер қозғалысын жол полициясы және көлік инспекциясы қызметкерлері қадағалауда. Ақсайда жолаушы тасымалымен айналысатын жеті мекеме бар. Соның ішінде бесеуінің қызметі сапасыз екенін анықтадық. Мәселен, кейбірінің қарауында 20 автобус болса, басқасында екі есе аз. Тұрғындар көлікті ұзақ күтіп қалады. Әрбір маршрут бағытын тексеріп, соған қатысты құжат дайындап, облыстық мәслихат талқылауына ұсынамыз. Мәслихат әлеуметтік санат есебіне жатқызу жөнінде ұсынысымызды қабылдаса, жолаушылар тасымалдайтын мекемелерді субсидиялау мәселесін қарастырамыз. Содан кейін жолаушы тасымалдаушыларға талап қоя аламыз, - деді әкім.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

zhaikpress.kz

бөрлі жол 2

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале