7.08.2018, 16:10
Оқылды: 68

Бөрлідегі мектептерге кең жолақты интернет желісі тартылмақ

Бұл жөнінде Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиев Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде хабарлады. Бөрлі – өңір бойынша 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтып келген жалғыз аудан. Алдағы оқу жылында ҚР заңнамаларына сәйкес, аз қамтылған және көп балалы сияқты арнайы әлеуметтік санатқа жататын отбасылардың балаларынан басқа  5-11 сынып оқушыларға тегін ыстық тамақ берілмейтін болды. Аудан әкімі бұл жайында өзінің әлеуметтік желісінде кеңінен жазғанындай, азық-түлік алуға жұмсалатын 76 миллион 172 мың теңгенің 20 миллионы ауданда «ҚПО б.в.» инвестициялық қаражаты негізінде Ақсай қаласында салынған жаңа балабақшаны күтіп-ұстауға, 48 миллионы мектептерге 160 компьютер сатып алып беруге, 8 миллионы 13 ауылдық округке, әсіресе сондағы мектептерге кең жолақты интернет желісін тартуға жұмсалады. Бөрлі ауданында жалпы білім беретін 25 мектеп  бар. Оның ішінде үшеуі орыс тілінде, он алтысы аралас тілде сабақ береді. Барлық оқушы саны – 8615.

Аудан аумағында әлемдегі ең ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан. Донор аудан бірінші жартыжылдықта республикалық бюджетке 59 млрд. 926 млн. 110 мың тенге, облыстық бюджетке 15 млрд. 819 млн. 325 мың тенге қаражат түсірді. Инвестициялар  көлемі – 67,3 млрд.  теңге. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі –  1 трлн. 027 млрд. 244 млн.теңгені құрады.

«Конденсат» АҚ 2016 жылдың желтоқсан айында индустрияландыру картасы бойынша «К5 экологиялық сыныптағы мотор отындарын өндіру» жобасын жүзеге асырды. Жүзеге асырған уақыттан бастап қосымша 43 жаңа жұмыс орны ашылып, 9,2 млрд.тенгені құрайтын 62,6 мың тонна өнім өндірілді. «RT Alliance» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі «Сұйық азот өндірубойынша зауыт» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық картасына енгізілді. Инвестициялар көлемі 1 млн. АҚШ долларын құрайды. Зауытты іске қосу 2018 жылдың тамыз айына жоспарланған. Бұнымен қоса, ауданда 11 ірі, 4 739 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді. Орта және шағын бизнес субъектілері өндірген өнім, орындалған жұмыс көлемі 189 млрд. 359 млн.теңгені құрайды.

Мұнайгаз секторы дамымай тұрып, Бөрлі ауданы ауыл шаруашылық бағытында дамыған аудандардың бірі болған.Аудан бойынша ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 61 шағын цех тіркелген, олардың өндірген өнімі мен көрсеткен қызметінің жалпы сомасы – 97 млн 411 мың теңгеШағын цехтарда 161адам жұмыс жасайды.  Ауданда ірі қара саны – 20732 бас, ұсақ мүйізді мал –  26692 бас,  жылқы – 5587 бас,  құс – 67432 бас.

– Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарын қолдау мақсатында «Қарашығанақ» несие серіктестігі арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 165 млн.628 тыс. тенгеге несие беруді жоспарлаудамыз. Қазіргі уақытта бұл қаражаттың 40% игерілді. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 7 млрд. 300 млн. тенгені құрайтын  3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі,  Пугачев ауылдық округінің «Аманат» шаруа қожалығы 2,5 млрд. теңге жеке қаражатына 600 басқа арналған сүт-тауарлық ферманың құрылысын жүргізуде. Қожалыққа қосымша «Қазагрохолдинг» АҚ 300 млн. теңге бөлген. Екіншісі, «Жарсуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 га суармалы жерлерді қайта қалпына келтірумен айналысуда. Жобаның құны – 2 млрд. тенге.3) «Жарсуат» ЖШС евростандартқа сәйкес шошқа етін өңдейті кешен құрылысын аяқтауда. 2,5 млрд.тенге жоба құнының 1,5 млрд. теңгесін «Казагрохолдинг» АҚ бөлді, – деді ауданы әкімі Санжар Әлиев.

 

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале