30.11.2017, 18:45
Оқылды: 51

Бортауда спорт алаңы пайдалануға берілді (ФОТО)

24322029_10210540992693470_802517857_oТұңғыш Президент күні қарсаңында берілген алаң Бортау ауданының тұрғындарына арналған.

Шалғайда жатқан шағынаудан тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Олардың айтуынша, бұрын аумақ бос болатын. Ауылдың үлкен-кішісі бұнда доп теуіп уақыт өткізген. Енді бұл жерде футбол ғана емес, волейбол, баскетбол ойнауға болады. Сонымен қатар алаң жарықтандырылған, айналасына орындықтар қойылған. Нысанның жалпы құны 14491 мың теңгені құрайды.

Жалпы алғанда биыл қала бойынша 20 көпфункционалды спорт және балалар алаңының құрылысы жүргізілуде. Аталған спорт алаңдары 12,3 мың тұрғынға спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Келесі жылы облыс орталығында тағы 22 нысанның құрылысын бастау жоспарда.

Наталья ГОРОХОВА

Суреттер Айбатыр НҰРАШТІКІ

zhaikpress.kz

24251263_10210540993173482_159272126_o 24259572_10210540992573467_2098361849_o 24271533_10210540993333486_766568704_o 24271581_10210540992653469_382587829_o

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале