10.04.2017, 19:35
Оқылды: 83

Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы әрекеттер

Ment    Бүгін қалалық ішкі істер бөлімінде «Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

    Облыстық және қалалық прокуратурамен  бірлесе ұйымдастырылған кездесуге прокуратура басшылары және сауда үйлері, дүкен, ресторан, асхана, кафе сынды ойын-сауық  орындарының басшылары қатысты.


   Шарада 2017 жылдың үш айындағы жүргізілген есеп  бойынша базар аумағы мен сауда орындарында 169  құқық бұзушылық болса, оның 28-і ашылмаған қылмыс  есебінде тіркелгені сөз болды. Бөтеннің мүлкін  ұрлау фактісі бойынша «Сити Центр» СҮ-де   30, «Лидер» - де 26, «Клондайк» пен  «Азия мал» СҮ-де жеті фактіден тіркелген.  Бұл қылмыстардың көбі кешкі уақытта  орын  алған.

   Басқосуда Орал қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  сауда орындарында  бейнебақылау камераларын орнатуды  және ұсталған қылмыскерді сол сауда орынының жарнама көрсететін экрандарында жариялап, көпшілік алдында жариялау  қажеттігін жеткізді.

Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале