28.06.2019, 18:05
Оқылды: 246

Бүгін - БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Кәсіби мерекеге орай Оралда журналистерге құрмет көрсетілді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңіріміздегі БАҚ өкілдерін мерекелерімен құттықтады.

Облыс әкімдігінде өткен салтанатты шара барасында өңір басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап 28 маусым БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленуі ерекше жайт екенін атап өтті.

Resizer_15617259398279

Мереке марапатсыз өтпейтіні белгілі. ҚР Президентінің Алғыс хатымен "Қазақстан" РТРК БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашев пен "Жайық Пресс" медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов марапатталды.

Resizer_15617259398276

Resizer_15617259398277

Журналистика саласының ардагері, ақын Айтқали Нәріков "Құрметті журналист" атағын алды. Ал облыстық "Орал өңірі"' газеті бас редакторының орынбасары С.Әбілхалықов, "Приуралье" газетінің бөлім редакторы Г.Мальцева, аудандық "Сырым елі" газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташев, "Орда жұлдызы" газетінің тілшісі Арайлым Маратқызы сынды бір топ журналистер облыс әкімінің Алғыс хаты мен 100 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Resizer_15617259398271 Resizer_15617259398274 Resizer_15617259398272 Resizer_156172593982711

Мәди Ықылас,

Сурет: Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале