15.03.2019, 21:05
Оқылды: 20

Бүгін БҚО әкімі алпысқа жуық тұрғынды қабылдады

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірдегі аз қамтылған отбасы мүшелерін жеке мәселелері бойынша тыңдап, қабылдауға жазылған 60-қа жуық адаммен кездесті.

IMG_5261

Қабылдауда болғандар негізінен атаулы әлеуметтік көмек алу, баспана, жер телімін алу, жұмысқа орналастыру, несие қайтарымы бойынша заңды көмектер көрсету туралы өтініштерін білдірді. Елбасы ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы түсінік берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі өзгеріп, оның көлемі 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге артпақ. Облыс әкімі қазіргі уақытта кәсіппен айналысам деушілерге мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілетінін, өз бизнесін ашу қолжетімді болғанын айтты. Сонымен қатар бизнестің жаңа түрін ашамын деген аз қамтылған отбасыларына мемлекет тарапынан гранттар мен шағын несие берілетіндігін жеткізді.

Айта кету керек, еліміз бойынша дүйсенбіден бастап «111» бірыңғай Call-орталық жұмыс жасай бастайды. Онда атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале